1-28 наурыз аралығында Құқық қорғау органдары академиясында сотқа дейінгі тергеуді жүзеге асыратын және сотта мемлекеттік айыптауды қолдайтын прокуратура қызметкерлері үшін «Криптоправо» бағдарламасы бойынша оқу курсы өткізілді.
Оқытуды Академия «BlockchainKZ» компаниясымен бірлесіп, ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандум аясында ұйымдастырды.
Курстың бас спикері «BlockchainKZ» сарапшысы Виктория Ночевная үнемі өзгеріп отыратын цифрлық ландшафтта құқық қорғау органдары үшін үздіксіз оқытудың маңыздылығын атап өтті.
Курс тыңдаушылары криптовалюта операцияларын қадағалау және талдау, күдікті схемаларды анықтау, жеке тұлғалармен және ұйымдармен заңсыз әрекеттерді байланыстыру әдістерін зерттеді.
Іс-шара барысында криптовалюталарды реттеудің ұлттық және халықаралық ұйымдық-құқықтық аспектілері, сондай-ақ оларды заңсыз пайдалануға қарсы күрес тәсілдері талқыланды.
Өткізілген курс тыңдаушыларға цифрлық активтер туралы білімдерін кеңейтуге мүмкіндік берді, бұл осы санаттағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды тиімді тергеу және жолын кесу үшін өте маңызды.
Қазіргі уақытта криптовалюталар қылмыскерлер үшін қуатты құралға айналды. Сондықтан құқық қорғаушылар қауіп-қатердің жаңа түріне қарсы тұруға, блокчейн технологияларын, криптовалюталардың әртүрлі түрлерін және олардың заңсыз әрекеттердегі рөлін терең түсінуге дайын болуы керек.
Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі