Бүгін халықаралық ынтымақтастықты нығайту және құқық қорғау қызметі саласында тәжірибе алмасу аясында Құқық қорғау органдары академиясына Литва Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Навикас Эгидиюс мырза келді.
Кездесу барысында Навикас Эгидиюс мырза Академияның қызметімен танысып, екіжақты ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытты. Тараптар оқыту, тәжірибе алмасу және ғылыми зерттеулер жүргізу саласындағы бірлескен жұмыс перспективаларын талқылады.
Елші Э.Навикас құқық қорғау саласындағы тәжірибе мен біліммен алмасудың маңыздылығын атап өтіп, ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін жағдай жасауға ниет білдірді.
Өз кезегінде Академия ректоры М.Сексембаев литвалық серіктестермен өзара іс-қимылды тереңдетуге дайындығын білдіріп, осы сапардың құқық қорғау қызметі саласындағы кәсіптік білім беруді дамыту үшін маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ Литва Республикасының жетекші жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимыл орнатуға тілек білдірді.
Кездесу нәтижесінде бірлескен ғылыми-білім беру іс-шараларын өткізуді қоса алғанда, болашақ ынтымақтастық үшін нақты идеялар мен ұсыныстар әзірленді.
Тараптар бірлескен бастамаларды іске асыруда диалог пен өзара іс-қимылды жалғастыруға ниет білдірді, бұл екі елде де білім беру мен құқық қорғау қызметін дамыту үшін жаңа перспективалар ашады.
Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі