Академияның «Виртуалды активтер және қылмысқа қарсы күрес» атты халықаралық конференциясы

2024 жылдың 19-20 ақпаны аралығында Құқық қорғау органдары академиясы АҚШ пен Литва Республикасының Елшіліктерінің қолдауымен БҰҰ ЕҚБ-мен бірлесіп халықаралық конференция ұйымдастырды. «Виртуалды активтер: қылмыстық активтерді қайтару, алаяқтық тәуекелдері, қаржы пирамидалары, онлайн есірткі саудасы» деп аталатын іс-шара виртуалды активтер саласындағы өзекті мәселелерді және олардың заңсыз әрекеттерге әсерін талқылау үшін Ұлыбритания, Украина, Грузия, Румыния және Литваның негізгі мүдделі тараптарын тартты.

Виртуалды активтердің жылдам таралуы жағдайында конференция виртуалды активтермен байланысты әртүрлі қылмыстық әрекеттермен күресудің тиімді стратегияларын әзірлеуге бағытталған қатысушылар арасындағы ынтымақтастық алаңына айналды.

Іс-шараға прокуратура органдарының, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, Қаржылық мониторингі агенттігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің, Цифрлық даму министрлігінің және «Астана» Халықаралық қаржы орталығының өкілдері қатысты.

Конференция қорытындысы бойынша виртуалды активтермен байланысты қылмыстық іс-әрекеттің алдын алу мен оған қарсы күресте елдер арасындағы тиімді өзара іс-қимыл мен үйлестіруге бағытталған ұсыныстар мен шешімдер дайындалды. Сараптамалық топтар, бағдарламалық баяндамалар және интерактивті сессиялар білім мен тәжірибе алмасуға, сондай-ақ практикалық ұсыныстар жасауға ықпал етті.

Мұндай іс-шаралар Академия қызметінің ажырамас бөлігіне айналады, оның жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және виртуалды активтер саласын тиімді реттеуге қосқан үлесін атап көрсетеді.

 

 

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі