Керемет адам және маман туралы

Құқық қорғау органдары академиясында белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Серік Ғабдоллаұлы Темірболатовтың 70 жылдық мерейтойына арналған салтанат өтті.

Серік Темірболатовтың есімі Қазақстанның мемлекеттік-құқықтық институттарының қалыптасу тарихымен тығыз байланысты. Оның соңында бай кәсіби тәжірибесі және елдің қоғамдық-саяси өмірінің жауапты аумақтарындағы қызметі жатыр.

Ол Президент Аппаратында, Бас прокуратурада, Әділет министрлігінде және Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттігінде басшылық қызметтер атқарды. Парламент депутаты, Орталық аумақтық көлік прокуроры, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі болды.

Серік Ғабдоллаұлы көшбасшылық қабілеті бар тиімді басшының үлгісі, прокуратура қызметкерлері үшін тәлімгер және лайықты демалысқа шыққаннан кейін де сұранысқа ие маман болып қала беруде.

Бас Прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев құттықтау сөз сөйлеп, құқық қорғау қызметінің әртүрлі учаскелерінде жұмыс істей отырып, Серік Ғабдоллаұлы елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту ісіне лайықты үлес қосқанын атап өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали мерейтой иесімен бірлескен жұмысты еске ала отырып, кәсіпқойлықтан басқа, оның жоғары беделінің кепілі әрбір адамға әдептілік, мінсіз интеллект, қарапайымдылық пен сыпайылықтан тұратынын атап өтті.

Салтанатты шараға мерейтой иесін құттықтауға әріптестері, шәкірттері және қатар қызмет еткен замандастары келді.

Олардың қатарында құқық қорғау органдарының еңбек сіңірген ардагерлері Е.С. Мерзадинов, С.М. Айтпаева, С.С. Ерімбетов, М.Н. Шабақбаев бар. Олар мерейтой иесіне шын жүректен жылы лебіздерін білдіріп, оның жоғары іскерлік және жеке қасиеттерін атап өтті.


Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі