Құқық қорғау қызметін дамытуға қосқан үлесі үшін

Бүгін Құқық қорғау органдары академиясының ұжымы Аппарат басшысы Магомед Акаевты құрметті демалысқа шығарды.

Сыныптық шені: аға әділет кеңесшісі.

ЖОО ректоры Марат Сексембаев оның еңбегі мен прокуратура органдары жүйесінің дамуына қосқан елеулі үлесін атап өтіп, көп жылдық және жемісті жұмысы үшін ризашылығын білдірді.

Магомед Магомедзапировичтің еңбек жолында прокурорлық салада қызмет ету тәжірибесі мол. Қадағалау қызметінің әртүрлі учаскелерінде жұмыс істей отырып, ол заңдылықты нығайту ісіне лайықты үлес қосты, өзін білікті маман, басшы және тәлімгер ретінде көрсетті.

Көптеген қоғамдық және ғылыми алаңдарда ол прокуратура мен Академияның мүдделерін қорғады.

Әріптестері М. Ақаевтың атына көптеген жылы және шынайы алғыс сөздерін айтып, жаңа шығармашылық табыс, денсаулық және амандық тіледі.

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі