ҒЫЛЫМИ МАҚАЛАЛАР БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Тәуелсіздік күні қарсаңында Академияның Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты докторанттар мен магистранттар арасында «Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғырту жолы» тақырыбында үздік ғылыми мақалаға конкурс өткізді.

Конкурсқа магистратура мен докторантураның ғылыми-педагогикалық және бейіндік бағыттары бойынша оқитын ізденушілерден 20-дан астам жұмыс қатысты.

Қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

Бас жүлде — 1-ші оқу жылының докторанты Асхат Орақбаев;

1-орын — 1-ші оқу жылының магистранты Әділбек Қасымов;

2-орын — 2-ші оқу жылының магистранты Бүркітбай Жиенқожаев;

3-орын — 2-ші оқу жылының магистранты Ақмарал Абуова.

Сонымен қатар үздік қатысушылар номинациялар бойынша марапатталды:

«Ғылыми проблеманың өзектілігі үшін» — 1-ші оқу жылының магистранты Данияр Мұқанов;

«Жұмыстың практикалық маңыздылығы үшін» — 1-ші оқу жылының магистранты Ермахан Жақыпбеков;

«Идеяның бірегейлігі үшін» — 1-ші оқу жылының магистранты Әнуар Омарғалиев;

«Ғылыми мәселеге ерекше көзқарас үшін» — 1-ші оқу жылының магистранты Азамат Нұғманов.

Мұндай іс-шаралар білім алушылардың өзекті құқықтық мәселелерді шешудегі шығармашылық әлеуетін ашуға, оларды тиімді зерттеу жұмысына ынталандыруға, жарияланымдар мен ғылыми еңбектердің сапасын арттыруға ықпал етеді.

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі