1-8 желтоқсан аралығында Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша Құқық қорғау органдары академиясы елорданың оқу орындарында дәрістер топтамасын ұйымдастырды.
Білім беру іс-шараларымен 34 мектеп, 7 колледж және университет қамтылды. 3600-ден астам оқушылар мен студенттер тәжірибелі заңгерлерден маңызды құқықтық білім мен практикалық дағдыларды алды.
Құқықтық ағарту сабақтары өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, оларды құқықтық тәртіп пен құқық қолдану мәселелерін білуге, Заңдарды сақтаудың маңыздылығын түсінуге және өз құқықтары мен міндеттеріне жауапкершілікпен қарауға бағытталған.
Бұдан басқа, оқушылар мен студенттерге кәсіби бағдар беру мақсатында құқық қорғау органдарының негізгі функциялары, сондай-ақ прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне түсуге қойылатын талаптар түсіндірілді.
Мұндай іс-шаралар жасөспірімдерге негізгі құқықтық құндылықтарды, заңға бағынатын мінез-құлықты және жауапты азаматтықты сіңіру мақсатында білім беру мекемелерінің құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимылын нығайтуға мүмкіндік береді.
Құқық қорғау органдары Академиясының баспасөз қызметі