Еуропа Кеңесі өкілдерінің сапары

Бүгін Академия ректоры Марат Сексембаев «Орталық Азиядағы HELP» Еуропа Кеңесі жобасының өкілдері Сергей Дикман және Кристина Хохловамен кездесті.

Кездесу аясында бірлескен білім беру іс-шараларын өткізу шеңберінде екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары, оның ішінде заң мамандықтарының өкілдері үшін Адам құқықтары саласында оқытудың еуропалық бағдарламасын (HELP) іске асыру талқыланды.

HELP білім беру платформасында оқыту судьялардың, адвокаттардың және басқа елдердің прокурорларының адам құқықтары саласындағы еуропалық стандарттар туралы білімдерін арттыруға, сондай-ақ Еуропа Кеңесінің трансшекаралық және жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы күрес жөніндегі өңірлік қызметін нығайтуға және кеңейтуге бағытталған.

Әңгімелесу қорытындысы бойынша Сергей Дикман белгіленген уағдаластықтарды табысты іске асыруға жан-жақты көмек көрсетуге дайын екенін білдірді.


Құқық қорғау органдары Академиясының
баспасөз қызметі