Академия басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі халықаралық форум жұмысына қатысуы

Астанада «Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты: тәжірибесі мен болашағы» атты халықаралық форум өтті, оған Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Марат Сексембаев қатысты.

Отырыс барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді құралдарды енгізудің, ведомствоаралық және мемлекетаралық ынтымақтастықты дамытудың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мемлекет пен бизнес-қоғамдастықтың ұжымдық күш-жігерін шоғырландырудың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны табысты іске асырудағы азаматтық қоғамның рөлін арттырудың өзекті мәселелері талқыланды.

Мемлекеттік органдардың, бизнес-қоғамдастықтың және азаматтық қоғамның өкілдері проблемаларды шешу туралы өз көзқарастарымен бөлісті.

Форум трибунасынан сөз сөйлеген М.Сексембаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мамандарды даярлау және оқыту, ведомство қызметкерлерінің біліктілігін арттыру шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен тиімді ынтымақтастық тәжірибесімен бөлісті.

Бұл тұрғыда оқу бағдарламаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметін ұйымдастырудың заманауи тәсілдеріне және практика қажеттіліктеріне бағытталғандығы, тыңдаушылардың қажетті кәсіби құзыреттіліктері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін дамытудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

ЖОО басшысы сондай-ақ Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы желі (ACN) жобасын іске асыру шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстар және ГРЕКО халықаралық ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы ұсынымдары туралы айтып берді.


Құқық қорғау органдары Академиясының
баспасөз қызметі