Алматыда адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы ұлттық жаттықтырушыларды даярлаудың екінші кезеңі өтті.
Іс-шараны құқық қорғау органдары академиясы INL/АҚШ Елшілігінің қаржылық қолдауымен Халықаралық көші-қон ұйымымен бірлесіп ұйымдастырды.
Тренингке қатысушылар – Бас прокуратураның, Жоғарғы Соттың, ҰҚК Шекара қызметінің және ішкі істер министрлігінің ведомстволық білім беру ұйымдарының өкілдері.
Бағдарлама барысында адам саудасының құрбандарымен жұмыс істеу кезінде жарақаттануға назар аудару және гендерлік сезімтал әдіс принциптерін, жәбірленушілердің мүдделерін сақтауға бағытталған халықаралық және ұлттық құқықтық негіздерді зерттелді.
Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері зардап шеккендермен өзара іс-қимыл стратегиясына, ҮЕҰ-ның оларға қажетті қорғауды қамтамасыз етудегі рөліне назар аударды.
Оқыту бағдарламаларын әзірлеу шеңберінде ведомстволық академиялар дайындаған оқу модульдері, сондай-ақ адам саудасының құрбандарымен жұмыс істеу бойынша тақырыптық блоктарды қоса отырып, курстарды жобалау әдістемелері таныстырылды.
Жаттықтырушыларды даярлаудың соңғы екі кезеңі 2024 жылдың ақпан және сәуір айларында өтеді.
Құқық қорғау органдары Академиясының
баспасөз қызметі