Адам саудасына байланысты қылмыстарға тиімді қарсы тұру үшін

11 қазанда Құқық қорғау органдары академиясы Халықаралық көші-қон ұйымымен (ХКҰ) бірлесіп, АҚШ Елшілігінің қолдауымен зардап шеккендердің қажеттіліктеріне бағытталған тәсілді қолдана отырып, адам саудасы фактілерін тергеп-тексеру мәселелеріне арналған аймақтық оқыту іс-шараларын өткізуге бастамашы болды.

2023-2024жж. адам саудасы фактілері бойынша тоқтатылған және аяқталған қылмыстық істер негізінде бірқатар тренингтер өткізу жоспарлануда.

Алғашқы тренинг Астана қаласы, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары прокуратурасының, сот жүйесі мен полициясының қызметкерлері үшін ұйымдастырылды.

Оқыту іс-шарасының бағдарламасы адам саудасына, осы санаттағы қылмыстық істерді тергеу ерекшеліктеріне байланысты мәселелердің кең ауқымын қамтиды.

Атап айтқанда, тыңдаушылар адам саудасы және заңсыз эксплуатацияға байланысты қылмыстардың қазіргі жағдайы мен  тенденциялары жөнінде жалпы түсінік алады.

Адам құқықтарын қорғау және адам саудасына қарсы күрес саласындағы ұлттық нормативтік-құқықтық базамен танысады.

Интернеттегі адам саудасының әртүрлі әдістері, жастарды тарту үшін қылмыскерлердің қолданатын тактикасы және қауіпті жағдайларға ең көп түсетіндердің осал тұстары мәселесі зерделенеді.

Тренингке қатысушыларға Қазақстандағы адам саудасы саласындағы ахуалды талдау, ХКҰ жобасы шеңберінде дайындалған қылмыс құрбандарын анықтау жөніндегі шаралардың тиімділігін бағалау ұсынылады.

Сондай-ақ, еңбек және жыныстық қанауға байланысты істерді тергеу тәжірибесімен алмасу бойынша пікірталастар өтеді.

Зардап шеккендердің қажеттіліктеріне бағытталған тәсілдердің маңыздылығына ерекше назар аударылады. Жаттықтырушылар зорлық-зомбылықтан аман қалған адамдармен жұмыс істеу, жәбірленушілер мен сот-тергеу әрекеттеріне қатысқан куәгерлерге көмек көрсету ерекшеліктері туралы айтады.

Тренинг 13 қазанға дейін жалғасады.


Құқық қорғау органдары Академиясының
баспасөз қызметі