Құқық қорғау органдары академиясында Сотқа дейінгі тергеп — тексеру қызметінің бастығы (бұрын — Арнайы прокурорлар қызметі) Ризабек Ожаров пен 1-Қызмет басқармасының бастығы Самат Утибаев алғашқы даярлық тыңдаушыларымен кездесті.
3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Ризабек Кәрімұлы Ожаров арнайы прокурорлар институтының құрылу тарихы мен дамуының негізгі кезеңдерін айтып берді.
Лектордың айтуынша, бүгінгі таңда арнайы прокурорлар жоғары қоғамдық қауіпті қылмыстарды тергеу, сондай-ақ бірнеше құқық қорғау органдарының күштері мен құралдарын біріктіруді талап ететін күрделі және маңызды қылмыстық істерді тергеуге басшылық ету бойынша жақсы тергеу тәжірибесін жасады.
Ол тергеу және жалпы құқық қорғау қызметіндегі моральдық принциптерге жеке тоқталды.
Самат Утибаевтың сөз сөйлеуі ауқымды қылмыстық істерді тергеуде ақпараттық технологияларды қолдану мәселелеріне арналды.
Тренинг барысында тыңдаушылар цифрлық дәлелдемелерді жинау және бекіту, үлкен деректерді талдау (Big data) жүйелерімен жұмыс істеу, фотография және бейнежазбалар бойынша қылмыскерлерді сәйкестендіру дағдыларын үйренді.
Дәріскерлер кездесуге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Құқық қорғау органдары Академиясының баспасөз қызметі