Прокурорлар үшін біліктілікті арттыру курстары

А.ж. 18-22 қыркүйегі аралығында Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында прокуратура қызметкерлері үшін азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сотта мемлекет мүддесін білдірудің, атқарушылық іс жүргізуді қадағалаудың өзекті мәселелері тақырыбында жыл сайынғы біліктілікті арттыру курсы өтті.
Оқу іс-шарасына Бас прокуратураның қызметкерлері, Жоғарғы Соттың және Астана қаласының судьялары, Әділет министрлігінің, адвокаттар алқасының және республикалық жеке сот орындаушылары палатасының өкілдері қатысып, өз тәжірибелерімен бөліті.

Оқыту барысында практиканың өзекті және проблемалық мәселелері талқыланды, көпшілік алдында сөйлеу және жанжалдарды шешу техникасы пысықталды. Мұндай курстар аумақтық прокуратура қызметкерлеріне жүргізіліп жатқан жұмыстар, жүйелі бұзушылықтар, сондай-ақ алдағы жоспарлар мен жаңа әзірлемелер туралы кураторлардан тікелей білуге бірегей мүмкіндік береді.
Курстың қорытындысы бойынша әзірленген заңнамалық және ұйымдастырушылық сипаттағы бірқатар ұсыныстар оларды қарау үшін уәкілетті органдарға жіберілетін болады.
Курс аяқталғаннан кейін дөңгелек үстел өткізіліп, қатысушыларға сертификаттар табысталды.

          

Құқық қорғау органдары Академиясының 
баспасөз қызметі