Кезекші прокурорлар біліктілігін арттырды

Бас прокуратура а.ж. 21-22 қыркүйек аралығында Құқық қорғау органдары академиясымен бірлесіп «Кезекші прокурор институты – қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың тиімді құралы» тақырыбында тренинг өткізді.

Іс-шараны ашқан Бас Прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев бұл тренинг бірінші кезекте кезекші прокурор институтының тиімділігін арттыру, практикалық мәселелерді шешу және тәжірибе алмасу үшін ұйымдастырылғанын атап өтті.

Құттықтау сөзінде Академия ректоры Марат Сексембаев оқытудың маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті, өйткені кезекші прокурорға сотқа дейінгі тергеудің бастапқы кезеңінде заңдылықты сақтауда шешуші рөл берілген.

Тренинг барысында прокурорлар қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарын анықтау, жедел ден қою және қорғау саласындағы кәсіби дағдыларын арттырды. Сондай-ақ азаптаудың және басқа да қатыгез немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтын қарым-қатынастың алдын алу тәжірибесімен алмасты.

Оқу іс-шараларын Бас прокуратураның, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің, Академияның тәжірибелі қызметкерлері, Ішкі істер министрлігі мен Әділет министрлігі бөлімшелерінің басшылары мен сарапшылары өткізді.

Оқытылған материалды бекіту үшін оқытудың едәуір бөлігі практикалық сабақтарға бөлінді.

Кезекші прокурор институты шеңберінде қадағалауды жүзеге асыруды ұйымдастырудың алған білімі мен әдістері заңдылықты қамтамасыз етуге және азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермеуге көмектеседі.


Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі