Киберқылмысты тергеу бойынша ұлттық жаттықтырушыларды даярлаудың соңғы кезеңі

18-22 қыркүйек аралығында Құқық қорғау органдары Академиясының киберполигоны базасында киберқылмыстарды тергеу бойынша ұлттық жаттықтырушыларға арналған тренинг өтті.

Академия оқытуды АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігімен, БҰҰ ЕҚЫҰ-мен және ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисімен бірлесіп ұйымдастырды.

Іс-шара жоғары технологиялар саласындағы қылмыстарды тергейтін мамандарды даярлаудың соңғы кезеңі болды.

Оқыту бағдарламасы аясында интернет-қылмысқа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің заманауи технологиялары мен құралдары, киберқауіптердің алдын алу және жолын кесу, киберқылмыстарды тергеу құралдарының тиімділігі, компьютерлік шабуылдарды анықтау және алдын алу үшін бағдарламаларды пайдалану сияқты маңызды тақырыптар талқыланды.

Қызметкерлердің компьютерлік техниканы, мобильді құрылғыларды, басқа да сандық ақпарат тасымалдаушыларын анықтаудағы практикалық әрекеттері, сондай-ақ сандық дәлелдемелерді іздеу, алу және құжаттау ерекшеліктері қарастырылды. Криминалистикалық және сот сараптамаларын тағайындау тәртібі пысықталды.

Тыңдаушылар нақты тергеу мысалдарын қолдана отырып, интернет желісіндегі есірткі саудасымен, қаржы қаражатын ұрлаумен, криптовалюталар арқылы қаржы пирамидаларын құрумен байланысты ситуациялық мәселелерді шешті.

Жасалған қылмыс бойынша дәлелі ретінде «блокчейн» аналитика технологиясын қолдану мәселелеріне арнайы тақырып арналды.

Практикадағы қызметкерлер жәбірленушілер мен күдіктілерден жауап алуды дайындау және жүргізу, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жасалған қылмыстар бойынша криминалистикалық зерттеулер мен сараптамаларды тағайындау тәжірибесімен бөлісті.

Литва мен Германияның мамандары ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, киберқылмыстарды тергеудің, интернет-қылмысқа қарсы іс-қимылдың заманауи жүйелерін қолданудың өзекті мәселелеріне тоқталып өтті.


Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі