«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы

Жалпы біліктілік талаптары:

С-4 санаты үшін:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Жұмыс органы бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы;

7) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

С-5 санаты үшін:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен тіркелген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 14542 болып тіркелді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақылары:

Санат Еңбек сіңірген жылдарына қарай
min max
С-4 237 596 281 435
С-5 206 734 245 029
С-5 178 679 211 925

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы (бұдан әрі – Академия, анықтама телефондары: 8701-241-98-49, e-mail: 7172301@prokuror.kz) «Б» корпусының мынадай бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:

  1. Қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.

Академияда тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстарды жүргізеді; конкурстар мен аукциондарды ұйымдастырады және өткізеді (конкурстық және аукциондық құжаттамалардың жобаларын, конкурстық комиссияларды құру, сарапшыларды немесе сараптамалық комиссияларды, тапсырыс берушінің лауазымды адамын және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілін бекіту туралы бұйрықтарды әзірлеу); конкурстар мен аукциондарды ұйымдастыру және өткізу кезінде конкурстық және аукциондық комиссия хатшысының функцияларын орындайды; Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу электрондық порталында орындаушы болып табылатын мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты дайындауды және орналастыруды жүзеге асырады; мемлекеттік сатып алу саласында есептерді, талдауларды, жинақтауларды дайындауды жүзеге асырады; мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мәселелері бойынша ұсыныстар мен ескертулерді қарайды және енгізеді, мемлекеттік сатып алу бойынша нормативтік құқықтық актілер бойынша ұсыныстар мен ескертулерді енгізеді; бекітілген мәселелер бойынша қызметтік хат алмасуды жүргізеді; Академияның алдағы жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімін қалыптастыру кезінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қажеттілігі мен көлемі жөнінде ұсыныстар енгізеді; өнім берушілердің орындаушы болып табылатын жасалған шарттардың талаптарын орындауына бақылауды жүзеге асырады; уәкілетті және өзге де мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және Академияның құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша хаттарын (сұрау салуларын), тапсырмалары мен сұрау салуларын орындайды; қызметтік құжаттардың сақталуына дербес жауапты болады; өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық (құқықтану және/немесе бағалау және/немесе мемлекеттік аудит және/немесе экономика және/немесе қаржы және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе халықаралық құқық).

  1. Академия Аппаратының Ұйымдастыру-бақылау басқармасының сарапшысы, С-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Имидждік саясатты қамтамасыз етеді, оның ішінде БАҚ-та Академия қызметі туралы жарияланымдарды, сұхбаттарды, ресми мәлімдемелерді, хабарламаларды, баспасөз релиздерін және басқа да ақпараттық материалдарды әзірлеуді және таратуды жүзеге асырады; Академия басшылығының баспасөз конференцияларын, брифингтерін, сұхбаттары мен түсіндірмелерін өткізуді ұйымдастыруға қатысады; Академияның веб-сайты мен әлеуметтік желілерінің уақтылы және сапалы ақпараттық толтырылуын бақылауды жүзеге асырады; Академияның ақпараттық-имидждік саясатын іске асыру жөніндегі Медиа-жоспарды қалыптастырады; теле, радиобағдарламалар мен бағдарламаларды, сондай-ақ Академия қызметін жариялайтын басқа да материалдарды ұйымдастыруда БАҚ-қа жәрдемдесуді жүзеге асырады; жетекші республикалық және өңірлік мерзімді баспа басылымдарымен, телерадиокомпаниялардың, ақпараттық агенттіктердің, интернет-басылымдардың басшыларымен, БАҚ өкілдерімен Академия қызметін жариялау жөнінде қажетті ақпарат алуда өзара іс-қимыл жасайды; Академия жұмысы туралы БАҚ өкілдерінің сұрауларына жауаптар дайындайды; Академияның қызметі туралы БАҚ мониторингін жүзеге асырады; Академия жасасқан ынтымақтастық туралы меморандумдардың іске асырылуына талдау жүргізуге қатысады; Академияда мемлекеттік тілді қолдану практикасына талдау жасайды; өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: педагогикалық ғылымдар (қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті және/немесе орыс тілі мен әдебиеті және/немесе қазақ тілі мен әдебиеті және/немесе орыс тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде оқытпайтын және/немесе білім (орыс тілі және әдебиеті) және/немесе білім (қазақ тілі және әдебиеті) және/немесе екі шет тілі (білім)); өнер және гуманитарлық ғылымдар (филология); әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (журналистика және/немесе қоғамдық байланыс); бизнес, басқару және құқық (мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе құқықтану және/немесе халықаралық құқық).

  1. Академия Аппаратының Ұйымдастыру-бақылау басқармасының сарапшысы, С-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Кіріс, шығыс хат-хабарларды қабылдауды, беруді жүзеге асырады; Академияның бірінші проректорының қызметін, оның жұмыс күнін жоспарлауды қамтамасыз етеді; Академияның бірінші проректоры тапсырмаларының орындалуына бақылауды жүзеге асырады; іскерлік хат-хабарларды жүргізеді; Академияның бірінші проректорының қатысуымен кездесулер, жиналыстар ұйымдастырады; Академияның бірінші проректорының бақылауындағы қызметтік құжаттарға талдау және мониторинг жүргізеді; істер номенклатурасын әзірлеуге қатысады; іс қағаздарын жүргізу саласындағы жұмысты жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді; Академияның бірінші проректорының азаматтарды жеке қабылдау кестесін қалыптастырады; Академияның бірінші проректорына арналған БАҚ жаңалықтарының күнделікті дайджесін (елдегі және әлемдегі қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдай туралы) дайындайды; Академияның электрондық мұрағатын қалыптастырады; өз құзыреті шегінде басқа да функцияларды орындайды.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: педагогикалық ғылымдар (орыс тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде оқытпайтын және/немесе білім (орыс тілі және әдебиеті) және/немесе білім (қазақ тілі және әдебиеті) және/немесе екі шет тілі (білім) және/немесе қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті); өнер және гуманитарлық ғылымдар (филология); әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (саясаттану және/немесе психология және/немесе кітапхана ісі және/немесе мәдениеттану және/немесе әлеуметтану және/немесе аймақтану және/немесе мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету және/немесе халықаралық қатынастар); бизнес, басқару және құқық (құқықтану және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе халықаралық құқық); ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (информатика және/немесе ақпараттық жүйелер).

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Конкурс қатысушылардың дәйексіз мәліметтерді ұсынуы оларды әңгімелесуге жіберуге бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.

Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде жасы он сегізден кем емес Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын пайдалануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

Байқаушылар конкурс комиссиясының жұмысы туралы өз пікірін тиісті мемлекеттік органның басшылығына, сондай-ақ уәкілетті органға жазбаша нысанда бере алады.

Уәкілетті органға ақпарат беру жағдайларын немесе Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі туралы заңнамасында белгіленген өзге де жағдайларды қоспағанда, конкурс аяқталғанға дейін мемлекеттік орган қызметкерлерінің конкурс комиссияларының құрамы туралы мәліметтерді жария етуіне жол берілмейді.

Уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің жолдамасы бойынша олардың қызметкерлерінің конкурстық комиссияның отырысына қатысуына жол беріледі.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Жалпы конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: www.gov.kz.