«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы (бұдан әрі – Академия, анықтама телефоны: 8701-241-98-49, e-mail: 7172301@prokuror.kz) «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды

Жалпы біліктілік талаптары:

С-4 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, өзін-өзі дамыту, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың немесе Қарулы Күштердің немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарында жұмыс өтілі;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Лауазымдық айлықақы :

Санаты Еңбек өтіліне қарай
min max
С-4 237 596 281 435

Академияның Қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Академияда тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстарды жүргізеді; конкурстар мен аукциондарды ұйымдастырады және өткізеді (конкурстық және аукциондық құжаттамалардың жобаларын, конкурстық комиссияларды құру, сарапшыларды немесе сараптамалық комиссияларды, тапсырыс берушінің лауазымды адамын және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының уәкілетті өкілін бекіту туралы бұйрықтарды әзірлеу); конкурстар мен аукциондарды ұйымдастыру және өткізу кезінде конкурстық және аукциондық комиссия хатшысының функцияларын орындайды; Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу электрондық порталында орындаушы болып табылатын мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты дайындауды және орналастыруды жүзеге асырады; мемлекеттік сатып алу саласында есептерді, талдауларды, жинақтауларды дайындауды жүзеге асырады; мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мәселелері бойынша ұсыныстар мен ескертулерді қарайды және енгізеді, мемлекеттік сатып алу бойынша нормативтік құқықтық актілер бойынша ұсыныстар мен ескертулерді енгізеді; бекітілген мәселелер бойынша қызметтік хат алмасуды жүргізеді; Академияның алдағы жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік өтінімін қалыптастыру кезінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің қажеттілігі мен көлемі жөнінде ұсыныстар енгізеді; өнім берушілердің орындаушы болып табылатын жасалған шарттардың талаптарын орындауына бақылауды жүзеге асырады; уәкілетті және өзге де мемлекеттік органдардың, заңды және жеке тұлғалардың, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының және Академияның құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша хаттарын (сұрау салуларын), тапсырмалары мен сұрау салуларын орындайды; қызметтік құжаттардың сақталуына дербес жауапты болады; өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Біліміне қатысты талаптар: Бизнес, басқару және құқық (құқықтану және/немесе бағалау және/немесе мемлекеттік аудит және/немесе экономика және/немесе қаржы және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе халықаралық құқық).

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 21.02.2017 жылғы № 40 бұйрығы) 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24350 болып тіркелген) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адамның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

 

 

_____________________________

(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

Мені ____________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

(иә/жоқ)

 

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

 

Мекен жайы: ____________________________

Байланыс телефоны: ______________________

e-maіl: _________________________________

ЖСН: _________________________________

_________ ___________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))