Тыңдаушылардың Еуропа кеңесінің өкілдерімен кездесуі

6 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның өкілдері және Құқық үстемдігі жөніндегі бағдарлама — HELP Еуропа Кеңесінің заң мамандықтары өкілдеріне арналған Адам құқықтары жөніндегі еуропалық бағдарлама Академияның алғашқы кәсіптік даярлығының тыңдаушыларына арналған семинар өткізді.

Спикерлер — Еуропа Кеңесінің құқық үстемдігі жөніндегі HELP бағдарламасының өкілдері С. Дикман, Н. Воробьева, К. Хохлова Еуропалық құқық қорғау ұйымдарының қызметі туралы ақпаратпен бөлісті. Еуропа Кеңесі мүше елдердің күш құрылымдарында адам құқықтарын сақтаудың еуропалық стандарттарын бекіту бойынша Еуропа Кеңесі жүргізіп жатқан жұмыс туралы айтып берді.

Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың қызметіне, әкімшілік және қылмыстық істерді қарау ерекшеліктеріне, сондай-ақ HELP бағдарламасы бойынша судьялардың, адвокаттардың, прокурорлардың және тергеушілердің біліктілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

HELP бағдарламасы Заң мамандарына курстарды белгілі бір елдің қажеттіліктеріне бейімдей отырып, күндізгі және қашықтықтан оқыту платформасы арқылы жоғары сапалы және тиімді оқыту құралдарын ұсынады.

Мысалы, қазіргі уақытта «Судьялардың, прокурорлардың және адвокаттардың этикасы» оқу курсы қазақ тіліне аударылған, азаптауға тыйым салу мәселелері бойынша курс орыс тіліне аударылған. Болашақта HELP курстарын ұлттық заңнамаға бейімдеу бойынша бірлескен жұмыс жоспарлануда.


Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі