Академия Білім күнін атап өтті

Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында білім күніне және жаңа оқу жылына арналған іс-шара өтті. Академия басшылығы жаңадан қабылданған магистранттармен және докторанттармен кездесті.

Ректор Марат Сексембаев жаңадан қабылдан білім алушыларды құттықтай отырып, үнемі кәсіби даму мен өзін-өзі жетілдірудің маңыздылығын, ЖОО-да зияткерлік атмосфераны құрудағы тыңдаушылардың белсенді рөлін атап өтті. Сонымен қатар ЖОО-дағы академиялық өмірдің негізгі білім беру және ғылыми-зерттеу векторларын белгілей отырып, олардың әрқайсысын жоғары білім стандарттарына ұмтылуға шақырды.

Биылғы жылы Академия магистратура мен докторантураның жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға прокуратура органдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, қаржы мониторингі агенттігінің, полицияның және Төтенше жағдайлар министрлігінің 70 қызметкерін қабылдады.


Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі