Конституция күніне орай

Құқық қорғау органдары академиясында Конституция күніне арналған салтанатты шара өтті.

Іс-шараның қонақтары Гумилев атындағы ЕҰУ, Астанадағы ЕҚЫҰ-ның бағдарламалар кеңсесінің өкілдері, сондай-ақ прокуратура органдарының ардагерлері болды.

Ұжымды мерекемен құттықтай отырып, ЖОО ректоры Марат Сексембаев Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Конституцияның тарихи маңыздылығын атап өтті.

«Конституция тәуелсіз құқықтық мемлекеттің қалыптасуына негіз болды. Қоғам мен мемлекетті одан әрі жаңғыртудың құқықтық негізін қалады.

Конституциялық реформа мемлекеттік басқаруға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, демократияландыру процестерін күшейтуге жаңа тәсілдерді бекітті.

Конституциялық заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде прокуратура жетекші рөл атқарады. Мемлекеттік құрылымдағы қадағалау органының ерекше мәртебесі мен мақсаты өзінің конституциялық бекітілуіне және сенімді құқықтық кепілдіктеріне ие болды.

Жаңашылдықтар прокуратураның құқық қорғау әлеуетін күшейтуге, жоғары қадағалау құралдарын нығайтуға бағытталған», — деп атап өтті спикер.

Құқық қорғау органдары академиясы құқықтық мемлекет құруға өз үлесін қосуда. ЖОО заңдылықты қорғауға және азаматтардың құқықтарын қорғауға арналған жоғары кәсіби әлеуеті бар мамандарды даярлауға байланысты маңызды міндеттерді іске асырады.

Жемісті ынтымақтастығы үшін және Конституция күнін мерекелеу құрметіне М.Сексембаев қонақтарға грамоталар табыс етті, ал ерекше көзге түскен қызметкерлер мен жұмысшылар Бас Прокурор мен Академия Ректорының бұйрықтарымен марапатталды.

Салтанатты шара Академия қызметкерлері мен тыңдаушыларының күшімен дайындалған мерекелік концертпен аяқталды.


Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі