Қазақстан Республикасының заңнамасында прокуратура қызметінің құқықтық негіздері прокурордың ерекше құқық қорғау мақсатын және оның мемлекеттік билік тармақтарын бөлу жүйесіндегі орнын көрсететін ел Конституциясында бекітілген.
Конституция күні қарсаңында Академияда прокуратура органдарының ардагерлерімен, 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшілері Әсет Әділхан және Сәуле Айтпаевамен кездесу өтті.
Қонақтарды қарсы ала отырып, ЖОО басшысы Марат Сексембаев олардың мемлекет алдындағы сіңірген еңбегін атап өтіп, көпжылдық және жемісті қызметі, таңдаған ісіне адалдығы үшін ризашылығын білдірді.
Ардагерлердің әрқайсысы қадағалау органдарының тарихында лайықты орын алады. Жиналғандар өздерінің естеліктерін үлкен және шынайы қызығушылықпен тыңдады, қонақтардың еңбек өмірбаяны мен өмірінен көптеген қызықты және танымдық білді.
Сәуле Мұханбедианқызы Айтпаева отыз жылдан астам уақыт прокурорлық салада жұмыс істеді. Қазақстан тарихында генерал атағын алған алғашқы әйел болды. Бұл оның еңбегін, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлкен жеке үлесін лайықты бағалау.
Әсет Малғаждарұлы Әділхан бірнеше облыстың прокуратураларын табысты басқарды, Бас прокуратураның арнайы прокурорлар департаментін басқарды. Өзін өңірлерде қадағалау жұмысын тиімді қамтамасыз еткен беделді және құзыретті басшы ретінде көрсетті.
Жастарды құттықтай отырып, тәлімгерлер ар-ұжданға өздерінің қызметтік міндеттерін орындап, заң мамандығының лайықты ізбасарлары болуды тіледі.
Ардагерлер тыңдаушыларға ЖОО-ның қоғамдық және спорттық өміріне белсенді қатысқаны үшін грамоталар табыс етті.
Іс-шара жас қызметкерлерді ұрпақтар сабақтастығы рухында тәрбиелеуге және кәсіби дәстүрлерді сақтауға бағытталған құқық қорғау жүйесінің ардагерлерімен білім алушылардың кездесулерін ұйымдастыру бойынша Академияда қалыптасқан дәстүрдің жалғасы болды.
Құқық қорғау органдары академиясының баспасөз қызметі