Құқық қорғау органдары академиясында Өзбекстан Республикасы Бас прокуратурасының жедел қызметкерлеріне қаржылық тергеу жүргізу мәселелеріне арналған семинар аяқталды.
Оқу іс-шарасы Академияның ТМД елдерінің қаржылық тергеу мамандары мен прокурорлық-тергеу қызметкерлерін оқытудың базалық ұйымы ретіндегі мәртебесі шеңберінде өтті.
Сарапшылар ретінде Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігінің және Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері, сондай-ақ Беларусьтен келген БҰҰ БҰҰДБ халықаралық сарапшысы сөз сөйледі.
Тренинг шеңберінде экономикалық қылмыстарға қарсы күрестің өзекті мәселелері, қатар қаржылық тергеулер жүргізу, шетелге әкетілген қылмыстық капиталды қадағалау және қайтару, сондай-ақ салық төлеуден жалтаруға қарсы күрес мәселелері талқыланды.
Экономикалық қылмыстарды жасаудың типтік тәсілдері және оларды анықтау әдістері, сыбайлас жемқорлық қылмыстарынан түскен кірістерді жылыстатуға байланысты күдікті әрекеттердің жолын кесудің заманауи құралдары қарастырылған.
Қазақстанның экономикалық қылмыстардан алынған қаражатты заңдастыруды анықтау саласындағы тәжірибесі зерделенді.
Семинар БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының қолдауымен өтті.
Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі