БАҚ-пен жұмыс істеу дағдыларын үйрету

Өңірлік прокуратуралардың баспасөз қызметі өкілдеріне арналған жыл сайынғы тренинг Құқық қорғау органдары академиясында өтті.

Оқуты шарасы Бас прокуратурамен бірлесіп, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар кеңсесінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Тренингтің басты мақсаты-ақпараттық ашықтықты қамтамасыз ету және масс-медиамен өзара іс-қимылды жолға қою мақсатында баспасөз қызметтері жұмысының тиімділігін арттыру.

Спикерлер ретінде танымал журналистер мен қоғаммен байланыс жөніндегі жетекші ұлттық сарапшылар шақырылды.

Тренинг барысында тиімді баспасөз қызметінің негіздері қарастырылды. Тренингке қатысушылар кәсіби спикерлердің дағдыларын үйренді, пресс-релиздердің жобаларын дайындады, брифингтер мен конференцияларда БАҚ-пен өзара әрекеттесуді үйренді.

Сондай-ақ, «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының, әлеуметтік желілердегі ресми парақтардың мониторингі мен жүргізілу мүмкіндіктері зерделенді.

Тренингке қатысушылар бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс бойынша өз кәсібилігін арттыру және прокуратура органдарының қызметі туралы жұртшылықты объективті ақпараттандыру үшін өткен тренингтің мазмұны мен ұйымдастырылуын жоғары бағалады.