Бүгін құқық қорғау органдары академиясына Қырғыз Республикасы Бас прокуратурасының прокурорлық-тергеу қызметкерлерін кәсіби даярлау орталығының директоры Алмаз Қиязов келді.
Ректор Марат Сексембаев қонаққа Академия қызметінің негізгі бағыттары және одан әрі даму перспективалары туралы айтып берді. Сондай-ақ, ол көрші республиканың жетекші ведомстволық мекемелерінің бірімен сындарлы өзара іс-қимыл орнатудың маңыздылығын атап өтті.
А.Қиязов Қырғызстанда қазақстандық прокуратура жұмысындағы прогрессивті өзгерістерге үлкен назар аударылатынын, білікті кадрларды даярлау саласындағы тәжірибе зерделенетінін атап өтті. Оның ішінде жаһандық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл жөніндегі Өңірлік хабтың жұмысы аясындағы ынтымақтастық үлкен кәсіби қызығушылық тудырды.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы мен Қырғыз Республикасы Бас прокуратурасының прокурорлық-тергеу қызметкерлерін кәсіптік даярлау орталығы арасында Меморандумға қол қойылды.
Осы келісім ынтымақтастық нысандарын кеңейтуге, бірлескен білім беру жобаларын іске асыру, оқу процесін ұйымдастыру тәжірибесімен алмасу, инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану бойынша күш-жігер мен ресурстарды біріктіруге мүмкіндік береді.
Сапар аясында Алмаз Қиязов байқаушы ретінде халықаралық ұйымдардың қолдауымен Академия өткізетін адам саудасына қарсы күрес мәселелері бойынша өңірлік симуляциялық тренинг жұмысына қатысты.
Баспасөз қызметі Құқық қорғау органдары академиялары