2023 жылғы 12-16 маусым аралығында Қазақстан Республикасының Алматы облысының аумағында орналасқан Қапшағай су қоймасында суасты дронын сынауға арналған ғылыми экспедиция өтті. Бұл миссия су астындағы әртүрлі оқиғалар мен қылмыстарды анықтау мен тергеуде дронды пайдалану мүмкіндіктерін зерттеу мақсатында ұйымдастырылды.
Академияның ғылыми ізденушілерінің зерттеу жұмысы ғылыми мекемелер арасындағы ынтымақтастық аясында жүргізіліп, ғалымдардың, мамандардың және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің назарын аударды.
Экспедицияның басты міндеті еліміздегі ең ірі су объектілерінің бірі болып табылатын Қапшағай су қоймасы жағдайындағы суасты дронының тиімділігін тексеру болды.
Су асты дроны су астындағы кеңістікті тиімді маневрлеуге және тексеруге мүмкіндік беретін заманауи техникалық сипаттамаларға ие.
Экспедиция барысында су асты дроның қолдана отырып, бірнеше оқу және практикалық миссиялар өткізілді. Бастапқыда оның мүмкіндіктері су қоймасында болуы мүмкін төтенше оқиғаларға ұқсас жағдайларды қолдан жасау арқылы тексерілді.
Содан кейін дрон қылмыстық жағдайларды модельдеу жағдайында сыналды. Дрон дәлелдемелерді жасыру, браконьерлік сияқты заңсыз әрекеттермен байланысты нысандарды тиімді анықтап, қадағалай алды.
Экспедиция кезінде су астындағы дрон бұрын кеме апаттары, жоғалған заттар немесе штаттан тыс жағдайлар сияқты оқиғалар тіркелген су қоймасының әртүрлі учаскелеріне жіберілді.
Қапшағай су қоймасындағы экспедицияның нәтижелері суасты дронының жоғары тиімділігін және оның су объектілеріндегі қауіпсіздік саласындағы әлеуетін растады. Бұл дрон құқық су астындағы оқиғалар бойынша жедел, әрі тиімді шаралар қабылдауға және қылмыстық әрекеттерді тоқтатуға көмектесіп, қорғау органдары мен құтқару қызметтері үшін маңызды құрал бола алады.
Құқық қорғау органдары академиясының баспасөз қызметі