Хабарландыру

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясында «6D030300 – Құқық қорғау қызметі» докторантурасының білім беру бағдарламасы бойынша Нұрхан Айбар Cерікұлының «Қылмыстық теріс қылықтар үшін көзделген жазалар жүйесі: заманауи жағдайы және даму үрдістері» тақырыбында философия докторы (PhD) дәрежесін алуға диссертациясы қорғалады.

Диссертация Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының Арнайы заң пәндері кафедрасында орындалды.

Қорғау тілі: мемлекеттік тіл.

Ғылыми кеңесшілер:

Еркін Әнуарұлы Оңғарбаев — Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасының азаматы;

Шәкір Шәмілұлы Шаяхметов – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты, Халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақстан Республикасының азаматы;

Гулипа Атабековна Бидильдаева — Б. Ельцин атындағы Қырғыз-Ресей Славян университетінің халықаралық және конституциялық құқық кафедрасының профессоры, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қырғызстан Республикасының азаматы.

Рецензенттер:

-Асылбек Айжарықұлы Смағұлов – Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі, Қазақстандық заңгер-құқықтанушы, саяси қайраткер, заң ғылымдарының докторы, профессор;

— Еркін Шахманұлы Баймурзин – Астана қалалық адвокаттар алқасының адвокаты, заң ғылымдарының кандидаты.

Қорғау 2023 жылғы 29 маусымда сағат 15:00-де Ақмола облысы, Қосшы қаласы, Республика көшесі, 94 құрылыс мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының диссертациялық кеңесінде өтеді.

Қосылу сілтемесі: Zoom платформасы — https://us05web.zoom.us/j/87874645010?pwd=RGxqQmF0a1pBUXJyUTJJcHJBWTREZz09 идентификатор: 878 7464 5010, кіру коды: BGJ34m.

Сайт мекен-жайы: http://academy-gp.edu.kz/.
Құжаттар