Академия тыңдаушыларының прокуратура органдарында тағылымдамадан өту нәтижелері бойынша дөңгелек үстел

Құқық қорғау органдары академиясында оқу бағдарламаларын тәжірибеге бағдарлау және алған білімдерін тағылымдамада практикалық қолдану мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Кәсіптік оқыту институтының профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ прокуратура органдарындағы алты айлық тағылымдаманы аяқтаған тыңдаушылар қатысты.

Іс-шараны ашқан Кәсіптік оқыту институты директорының міндетін атқарушы Нұрлан Даниев алған теориялық білімдерді тәжірибеде бекітудің маңызды екенін атап өтті. Академия тыңдаушыларының практикалық қызметке енуі оларды дайындаудағы ең тиімді құралдардың бірі болып табылады.

Дөңгелек үстел отырысында білім беру бағдарламасын, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамының оқу материалдарын өзектендіру мәселелері талқыланып, жекелеген құқықтық мәселелерге назар аударылды.

Тағылымдаманы аяқтаған тыңдаушылар өз тәжірибелерімен бөлісті және теориялық білімдіпрактикада қолдануды бағалады, тағылымдама оларға жұмыста кездесетін әртүрлі жағдайларды жетік түсінуге көмектескенін және туындаған мәселелерді шешудің тиімді жолдарын үйреткенін атап өтті.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша білім беру процесін және бірқатар заңнамалық бастамаларды жетілдіру туралы ұсынымдар әзірленді.