Жас мемлекеттік қызметкерлер мектебі

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінде «Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі» жобасының түлектерін марапаттау рәсімі өтті.

Іс-шараға 2022 жылғы «Үздік мемлекеттік қызметші» Артур Әлішерұлы Баймаханов қатысып, осы жобаның түлектеріне дәріс оқыды. Өз сөзінде ол өз елінің нағыз патриоттары болуға шақырды.

Талантты және белсенді жастарды мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тартуға, олардың біліктілік қабілеттері мен кәсіби шеберліктерін дамытуға бағытталған жобаны жүргізуге қосқан үлесі үшін Құқық қорғау органдары академиясының Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының оқытушысы, PhD докторы Артур Баймаханов Департамент басшысының алғыс хатымен марапатталды.

 

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі