Ішкі және трансұлттық терроризмге қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері бойынша семинар

Ішкі және трансұлттық терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері Құқық қорғау органдары академиясының АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің Өңірлік қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп ұйымдастырған семинардың басты тақырыбы болды.

Оқытудан прокуратура және ішкі істер органдарының қызметкерлері өтті.

Семинарға қатысушылар тергеу іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізудің негізгі қағидаттарымен, терроризмге қарсы жұмыстың халықаралық тәжірибесімен және туындайтын қауіптердің алдын алу тәжірибесімен танысты.

Спикерлердің презентациялары радикалды көріністермен күресудің нысандары мен әдістерін жетілдірудің практикалық мәселелеріне арналды.

Алынған дағдылар мен білім қызметкерлерге терроризмге қарсы күрес шеңберінде тергеу ақпаратына талдау жүргізу, тергеу әдістерін әзірлеу, осындай топтардың ықтимал террористік қатерлері мен қызметінің белгілерін тану, сондай-ақ оларды анықтауға көмек көрсету үшін жұртшылықты тарту кезінде көмектеседі.

Қазақстандық мамандарға арналған тренингтерді АҚШ Елшілігінің Мемлекеттік департаментінің терроризмге қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері өткізді.

 

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі