Оқушы жастарға арналған тренинг

Адам саудасы өзекті мәселе болып табылады және көбінесе азаматтардың өз құқықтарын білмеуімен байланысты, оны жаман ниеттілер пайдаланады.

Түсіндіру жұмыстар жүргізу шеңберінде Құқық қорғау органдары академиясының қызметкерлері елордалық URBAN колледжінің студенттеріне адам құқықтарын қорғау, сондай-ақ адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша профилактикалық тренинг ұйымдастырды.

ЖОО өкілдері оқушыларға өз құқықтарын білу және әртүрлі жағдайларда өзін дұрыс ұстау қажеттігі туралы айтып берді. Заңды сауатты болу, өзіңізді қорғауға және адам саудагерлерінің қолында құрбан болмауға көмектесетін өмірлік дағдыларды дамыту қаншалықты маңызды екендігі туралы да айтылды.

Адам саудасының жағдайларын қадағалау жиі қиын екендігі атап өтілді, өйткені еңбек және жыныстық қанауға тарту үшін әртүрлі әдістер мен амалдарға жүгінеді. Жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін іздейтін жастар олар үшін әлеуетті мақсат болып табылады.

Спикерлер адам саудасы мен мәжбүрлеу белгілерін, сондай-ақ жалдаушылардың тартымды ұсыныстарын қалай дұрыс тану керектігін көрсетті.

Кездесу соңында оқу орнының өкілдері осындау іс-шараларды өткізудің маңыздылығы мен қажеттілігін атап өтті.

 

Құқық қорғау органдары академиясының
баспасөз қызметі