Құқық қорғау органдары академиясы прокуратура органдарының барлық қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтайды.
Осыдан тура 31 жыл бұрын Жоғарғы кеңес төралқасы «Қазақ КСР прокуратура органдарының бірыңғай жүйесін құру, олардың дербестігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету туралы» қаулы қабылдады.
Осы жылдар ішінде әрбір прокурордың басты міндеттері азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, мемлекет пен қоғамның мүдделерін қорғау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету болды және болып қала береді.
Қадағалау органының үйлестіруші рөлі оның елдің құқық қорғау жүйесінің орталық буыны және мемлекеттік биліктің маңызды элементтерінің бірі ретіндегі орнын анықтады.
Прокуратура органдарының бір бөлігі бола отырып, біздің Академия жас толықтыруды кәсіби даярлау, білім және ғылым арқылы құқық қорғау қызметін дамыту міндеттерін іске асыра отырып, ортақ іске өз үлесін қосады.
Осы мереке күні барлық прокурорларға өз қызметтерін абыроймен атқарып, жаңа кәсіби жеңістер мен жетістіктер тілейміз.