Құқық қорғау органдары академиясы прокуратура, экономикалық тергеу қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қызметкерлеріне қаржылық тергеу және ұрланған активтерді шетелден қайтару мәселелері бойынша семинар-тренинг өткізді.
Мемлекет басшысы аталған мәселелерді құқық қорғау органдарының қызметінде басым мәселелер ретінде айқындады.
Осы бағыттағы тиімді және үйлесімді жұмысты қамтамасыз ету үшін Президенттің Жарлығымен Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылды. Үйлестіру Бас прокуратураға жүктелген.
Тәжірибе көрсеткендей, қылмыстық капиталды қайтару — бұл активтерді сәйкестендіру, олардың орналасқан жерін анықтау және кейіннен репатриациялау, шетелдік юрисдикция органдарымен өзара әрекеттесу қиындықтарымен байланысты уақытты қажет ететін процесс.
Үш күн ішінде тәжірибелі халықаралық және ұлттық сарапшылар нақты істерде қаржылық тергеу жүргізу, қылмыстық кірістерді заңдастыру схемаларын анықтау және капиталды елден тыс жерлерге шығару әдістерін, соның ішінде ақпарат алмасу құралдарын (КАРИН, ЭГМОНТ, АРИН) пайдалану, қылмыстық жолмен алынған мүлікті іздеу, анықтау, алу және қайтару мүмкіндіктерін үйретті.
Іс-шара БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының және АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.