Душанбе қаласында ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің қолдауымен ұйымдасқан ҚазақстанРеспубликасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Ұлттық жаттықтырушылары Тәжікстан Республикасының Құқық қорғау және сот органдарының қызметкерлері үшін қаржы қылмыстарына және трансшекаралық адам саудасына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша екі күндік оқыту тренингін өткізді.
Тренингтің жеке тақырыбы ұрланған активтерді қайтару, тәркілеу және қылмыс құрбандарына өтемақы төлеу бойынша Қазақстан мен шет елдердің оң тәжірибесін зерделеу болды.
Орталық Азия өңірі үшін оған Таяу Шығыстың географиялық елдеріндегі тұрақсыздыққа негізделген геосаяси жағдайға байланысты экстремизм мен терроризм, есірткінің заңсыз айналымы, адам саудасы, көші-қон, қаржылық, экологиялық және киберқылмыс сияқты қатерлерге қарсы күрес мәселелері ерекше өткір тұр.
Академия базасында шет елдер мен ұйымдардың (БҰҰ, ЕҚЫҰ, ЕО) белсенді қолдауымен бес жылдан астам уақыт бойы жаһандық қатерлерге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша халықаралық оқыту және зерттеу орталығы болып табылатын өңірлік хаб жұмыс істейді.
Өңірлік хаб өз жұмысында Орталық Азия мемлекеттеріне қазіргі заманғы әлемге, қауіпсіздік пен тұрақтылыққа төнетін қатерлерге қарсы күресте кадрлық және ғылыми әлеуетті арттыруға көмек көрсетеді.
Оның алаңында жыл сайын бір жарым мыңнан астам практик, оның ішінде жақын және алыс шетелдерден өз біліктіліктерін арттырады. 20-дан астам елдің (Австрия, Ұлыбритания, Германия, Грузия, Литва, Молдова, Норвегия, Румыния, АҚШ, Эстония, ТМД және т.б.) жаттықтырушылары мен сарапшылары оларға қылмысқа қарсы тұрудың озық әдістерін үйретеді.