Іс-шара бүгін Академияда прокуратура және қаржы мониторингі органдарына қызметке кандидаттардың, ЖОО басшылығы мен профессорлық-оқытушылық құрамының қатысуымен өтті.
Дәрістің басты тақырыбы құқық қорғау органдары қызметінің маңызды бағыттарының бірі – ұрланған активтерді қайтару болды. Өз сөзінде Ұлан Сапарұлы осы саладағы негізгі проблемаларды қозғап, Бас прокуратурамен қабылданып жатқан шаралар мен алдағы кезеңге арналған бірінші кезектегі міндеттер туралы айтып берді.
Сонымен қатар, Ұ.С. Байжанов академияның алғашқы ректоры және алғашқы кәсіби дайындық бағдарламасы идеясының авторы бола отырып, тыңдаушылармен оның жүзеге асырылу тарихымен бөлісті.
Тұрақты кәсіби дамудың маңыздылығына және бірінші кезекте Қазақстан халқының игілігі үшін қызмет ету болып табылатын қызметкерлердің мінез-құлқының моральдық – этикалық стандарттарын енгізу мәселелеріне көп көңіл бөлінді.
Соңында Ұлан Сапарұлы тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беріп, табысты және жемісті оқуды тіледі.
Құқық қорғау органдары басшылығының білім беру процесіне тікелей қатысуы қызметкерлердің болашақ ұрпақтарын даярлаудың маңызды бөлігі болып табылады.