БАҚ-ТЫ ШАҚЫРУ

2022 жылғы 21 маусымда Алматыда қатар қаржылық тергеу және қылмыстық кірістерді заңдастыруға қарсы күрес мәселелеріне арналған халықаралық форум өз жұмысын бастайды.

Қатысушылар арасында: фискалдық тергеу органдарының, қаржылық барлау және прокуратура бөлімшелерінің өкілдері, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның ғалымдары мен сарапшылары бар.

Үш күн ішінде параллель қаржылық зерттеулерді жүзеге асырудың ерекшеліктері мен нысандары, қаржылық барлау мүмкіндіктері, ашық және жабық көздер негізінде шетелдік активтерді іздеу, сот-тергеу практикасы және осы санаттағы істер бойынша прокурорлық қадағалау, капиталды шығаруға және қайтаруға қарсы іс-қимыл, халықаралық ынтымақтастық құралдары және бейресми желілердің мүмкіндіктері сияқты мәселелерді талқылау жоспарлануда.

Ұйымдастырушылар: Құқық қорғау органдары академиясы (ТМД-дағы қаржылық тергеу қызметкерлерін даярлау жөніндегі базалық ұйымы ретінде), БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы, АҚШ Елшілігі және ЕҚЫҰ-ның Қазақстандағы бағдарламалар офисі.

Іс-шараны жариялау үшін БАҚ өкілдері шақырылады.

Журналистер іс-шараның ашылуына, жоспарланған мына спикерлердің сөз сөйлеуіне қатыса алады:

— Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Тимур Сулейменов;

— БҰҰ ЕҚБ өңірлік өкілі Ашита Миталл;

Салықтық қылмыстарды алдын ала тергеу бас басқармасы бастығының орынбасары, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің салықтық (қаржылық) тергеу органдарының Үйлестіру кеңесі төрағасының өкілі Ровшана Абдуллаева;

— Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдірахманов;

— Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов;

— ҚР-дағы АҚШ Елшілігінің INL өңірлік кеңесшісі Джон Дадли;

Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің өкілі Рати Жапаридзе.

Сонымен қатар журналистер іс-шараны ұйымдастырушылардан, отандық және шетелдік сарапшылардан сұхбат ала алады.

Аккредиттеу rbs5166@mail.ru электрондық мекенжайы, 8-747-468-25-88 телефон (Бағжан Райханова) бойынша.

Өтетін орны: Алматы қ., Байзақов к-сі, 303.

Басталуы: 2022 жылғы 21 маусым сағат 10:00.

Аккредиттелген журналистерді сағат 09:45-тен кешіктірмей келулеріңізді сұраймыз.