Құқық қорғау органдары академиясы онлайн форматта «Қылмыстың жекелеген түрлерінің алдын алуда қылмыскердің жеке басының ерекшеліктерін есепке алу: теория мен практика мәселелері» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізді.
Іс – шараның негізгі мақсаты-қылмыстың алдын алудың тиімділігін арттыру, оның алдын алу жолдары мен құралдарын жетілдіру үшін қылмыскердің жеке ерекшеліктерін жүйелеу бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Дөңгелек үстел жұмысына Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан ғылыми қоғамдастығының өкілдері, отандық және шетелдік практиктер мен сарапшылар, Академия қызметкерлері қатысты.
Қатысушылар қаралып отырған мәселелердің өзектілігін және қылмысқа қарсы күрес шараларын, криминологиялық болжау әдістерін жетілдіру және осы қызметтің тиімділігін бағалау қажеттілігін атап өтті.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша көтерілген мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар әзірленді, ғылыми саладағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту ұсынылды.