Елордада қылмыстық жолмен алынған активтерді шетелден іздеу және қайтарудың өзекті мәселелеріне арналған семинар өтті.
Тренингке сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, экономикалық тергеу қызметінің, ішкі істер және әділет министрлігінің қызметкерлері қатысты.
Өздеріңіз білетіндей, қылмыстық кірістерді алу көбінесе англо-саксондық құқық жүйесі бар елдерге жүзеге асырылады.
Сондықтан, оқыту бағдарламасында негізгі акцент дәл осы құқықтық жүйеге жататын елдерден активтерді іздеу, сәйкестендіру және қайтарудың нақты құралдарын пайдалану дағдыларын теориялық зерделеуге және практикалық пысықтауға жасалған.
Бұл активтер табылған елдің юрисдикциясында сот талқылауын қозғау, борышкердің активтерін тоқтату, банкроттық кезіндегі іс-әрекеттер, сондай-ақ қаржылық оффшорлық аймақтарда активтерді белгілеу мәселелері жеке қозғалды.
Спикерлер ретінде Ұлыбританияның танымал заң компанияларының өкілдері – Grant Thornton UK LLP и Gateley plc сөз сөйледі.
Алынған білім шетелден активтерді қайтару бойынша жұмысқа тартылған отандық қызметкерлерге басқа елдердің қолданыстағы құқықтық құралдарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Іс-шара АХҚО құқық академиясымен бірлесіп ұйымдастырылды.