Екіжақты ынтымақтастық шеңберінде ғылыми-білім беру саласында тәжірибе және білім алмасу үшін Құқық қорғау органдары академиясына Өзбекстан Республикасы Бас прокуратурасы академиясының өкілдері келді.
Дайындалған сапар бағдарламасы 10 күнге есептелген.
Академия қабырғасында тығыз жұмыс істеуден басқа, делегация Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке, Қаржы мониторингі агенттігіне, АХҚО-ға, медиация орталығына, Тұңғыш Президент мұражайына, Ұлттық Академиялық кітапханаға және басқаларына баруды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, қонақтар 2022 жылғы 15 Сәуірде Құқық қорғау органдары академиясында өткізу жоспарланған «Заманауи заң ғылымының дамуы: теория және практика» атты V Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысатын болады.
Соңғы 5 жыл ішінде Академия Өзбекстанның Бас прокуратура академиясымен белсенді жұмыс істеп келеді, 20-дан астам бірлескен жоба жүзеге асырылды, олардың арасында ғылыми зерттеулер, халықаралық тренингтер, ғылыми тағылымдамалар бар. Ағымдағы жылы тағы 12 ғылыми-білім беру іс-шарасы жоспарланған.
——