Бүгін Академияда «Жоғары қонақ» жобасы аясында заң ғылымдарының докторы, профессор, академик, «Астана» Халықаралық университетінің Қылмыстық-құқықтық және қылмыстық іс жүргізу мәселелерін зерттеу институтының директоры Исидор Борчашвилидің «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсініктеме: жалпы және Ерекше бөлім» презентациясы өтті.
Іс-шараға Академияның магистранттары, докторанттары мен профессорлық-оқытушылық құрам қатысты.
Презентация барысында И.Ш. Борчашвили түсініктемеде көрініс тапқан қылмыстық заңнаманың және оны қолдану практикасының проблемалық мәселелеріне тоқталып, ғылыми зерттеулер жүргізу, құқықтық нормаларды ғылыми түсіндіру және ғылыми еңбектерді дайындау тәжірибесімен бөлісті.