Алматы облысының прокурорлары еңбек қанауына байланысты қылмыстық істерді тергеу мәселелері бойынша екі күндік тренингтен өтті.
Оқыту іс-шарасы барысында адам саудасына байланысты қылмыстарды тергеудің өзекті мәселелері талқыланды.
Адам саудасының құрбандарын анықтау және сәйкестендіру, кінәлі адамдарды қылмыстық қудалау саласындағы олқылықтар талданды.
Тыңдаушылар еңбек эксплуатациясына, осы санаттағы істер бойынша мемлекеттік айыптауды қолдауға байланысты қылмыстық істерді тергеу әдістемесімен танысты.
Сотқа дейінгі тергеу мен сот тергеуін қадағалаудың ерекшеліктерін зерттеді.
Адам саудасына қарсы іс-қимыл бойынша оқыту видеокурсын тыңдады.
Практикалық жаттығулар барысында адам саудасы туралы істер бойынша соттық жауап алу, дәлелдемелерді талдау, прокурордың сот жарыссөздеріне қатысуы сияқты тақырыптар меңгерілді.
Украиналық сарапшылар прокуратураның еңбек қанауы туралы істерді тергеу және қадағалау тәжірибесімен бөлісті.
Талдықорған өңірлік әйелдерді қолдау орталығының өкілі Адам саудасының құрбандарына көмек көрсету жұмыстары туралы айтып берді.
Нұр-Сұлтандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған іс-шара ағымдағы жылы осы тақырыптағы тренингтер сериясының соңында болды.