Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы жалпы конкурс өтетінін хабарлайды

Конкурстың барлық қатысушыларына арналған жалпы біліктілік талаптары:

 

С-3 санаты үшін:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау.

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, С-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, Е-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жыл алты айдан кем емес;

5) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы;

8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес;

9) кеңесші және көмекші лауазымына жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

С-4 санаты үшін:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы;

8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен тіркелген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 желтоқсандағы № 14542 болып тіркелді.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақылары:

Санат Еңбек сіңірген жылдарына қарай
min max
С-3 154 071 208 205
С-4 138 248 186 551

 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы (бұдан әрі – Академия, мекенжайы: Ақмола облысы Қосшы қаласы Руспублик көшесі, 16-үй, анықтама телефондары: 8775-578-10-87, электронды пошта: 7172301@prokuror.kz) «Б» корпусының мынадай бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:

  1. Қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы, С-3 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасына (бұдан әрі – Басқарма) жалпы басшылықты жүзеге асырады; экономика, бюджеттік жоспарлау, қаржы, мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп және есептілік мәселелері және Академиядағы әкімшілік-шаруашылық мәселелер бойынша Басқарманың жұмысын ұйымдастыруға дербес жауапты болады; осы мәселелер бойынша Бас прокуратураның (бұдан әрі – БП) және мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды ұйымдастырады; БП және Академияның жоспарлы іс-шараларын, алқа шешімдерін, аппараттық және жедел кеңестерін орындауға жеке бақылауды ұйымдастырады; Басқарма қызметкерлерінің БП және Академия басшылығының тапсырмаларын, сондай-ақ Академия жұмысы регламентінің талаптарын сапалы және уақтылы орындауын қамтамасыз етеді; бағынысты қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асырады; Ректор және проректорлар (Академия басшылығы) өткізетін кеңестерге қатысады; бас сарапшылардың, сарапшылар мен Басқарма қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасу бойынша ұсыныстар енгізеді; Академияда бюджет қаражатының мақсатты, уақтылы және толық игерілуін қамтамасыз етеді; Академияның ғимараттарына, құрылыстары мен үй-жайларына күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізуді жүзеге асырады; Академияның ақылы қызмет түрлерін көрсетуі жөніндегі жұмысты, оның ішінде оларды көрсету қорытындылары бойынша ақша қаражатын бөлуді қамтамасыз етеді; бағынысты қызметкерлерді аттестаттау, көтермелеу, жазалау жөнінде ұсыныс енгізеді; Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды; қаржыландыру, мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік есеп және есептілік, әкімшілік-шаруашылық бағыттағы мәселелерді шешуге бағытталған іс-шаралардың орындалуын жүзеге асырады және бақылайды; қызметтік құжаттардың, оның ішінде «ҚБП» белгісі бар құжаттардың сақталуына және қозғалысына бақылауды жүзеге асырады, олардың номенклатуралық іске уақтылы қалыптастырылуын және мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз етеді; Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және функциялардың жүзеге асырылуына дербес жауапты болады; өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау.

  1. Қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Қызметкерлерге ақшалай ризықты, Академияның тыңдаушылары мен білім алушыларына стипендияларды және еңбек шарттары бойынша жұмысшыларға жалақыны уақтылы есептейді және төлейді, ай сайын олар бойынша талдау есебін жүргізеді; атқару парақтары бойынша ұсталған сомалар бойынша талдау есебін жүргізеді; мемлекеттік бюджетке міндетті төлемдерді, әлеуметтік сақтандыруға арналған жарналарды уақтылы есептейді; қызметкерлер мен жұмысшыларға жалақыны, басқа да төлемдерді және олардан ұстап қалуларды есептеу мәселелері бойынша анықтаманы өңдейді және береді; № 5, 8; №-1т, 2Т-ПРОФ (айлық, тоқсандық және жылдық) «Еңбек бойынша есеп» нысанының аналитикалық және синтетикалық есебін жүргізеді, оларды аумақтық статистика органына ұсынады; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Клинет СОНО» бағдарламасы бойынша электрондық нысанда Целиноград ауданының әлеуметтік, табыс салықтары және қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем жөніндегі салық комитетіне тоқсан сайынғы есептерді жасайды және ұсынады; бухгалтерлік құжаттардың сақталуын, салықтық және статистикалық есептілікті жасайды, оларды мұрағатқа тапсырады; Академия қызметкерлерінің іссапар және шығыстардың басқа да түрлері бойынша аванстық есептерін тексереді және өңдейді; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген кезең ішінде бастапқы құжаттардың, қағаз және (немесе) электрондық жеткізгіштердегі бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің, қаржылық есептіліктің, есеп саясатының, өзге де деректердің сақталуын қамтамасыз етеді; штаттық, қаржылық және кассалық тәртіптің, әкімшілік-шаруашылық және басқа да шығыстар сметасының қатаң сақталуын қамтамасыз етеді; қаржылық құжаттардың сақталуын, оларды белгіленген тәртіппен ресімдеуді және мұрағатқа тапсыруды қамтамасыз етеді; өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

  1. Қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Жылумен, электрмен жабдықтаумен, қазандық жабдығының жұмысымен қамтамасыз етуге бақылауды жүзеге асырады; Академияның негізгі қорларына (ғимараттарға, жылыту, сумен жабдықтау, жарықтандыру, көлік жүйелеріне және т. б.) ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізуді ұйымдастырады және жүргізеді, шығыстар сметасын жасайды; қызметкерлерді құрал-саймандармен және жабдықтармен қамтамасыз етеді; дизель отынын қабылдауды және есепке алуды жүзеге асырады; Академияның балансындағы материалдық құндылықтардың, жабдықтардың сақталуына күн сайынғы бақылауды жүзеге асырады; шаруашылық мәселелерін қамтамасыз ететін еңбек шарты бойынша жұмысшылардың жұмысын ұйымдастырады; жүргізілетін жөндеу жұмыстарының орындалуына жауапты болады; қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама жүргізеді; жатақханалардағы санитарлық жағдайға күн сайынғы бақылауды жүзеге асырады; өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларына сәйкес ғимараттар мен үй-жайларға шаруашылық қызмет көрсетуді және тиісті жай-күйді қамтамасыз етеді; техникалық қызметтердің жұмысына бақылауды жүзеге асырады; қойма шаруашылығының жұмысын ұйымдастырады; аумақты абаттандыру, көгалдандыру және жинау, ғимараттардың, өту жолдарының қасбеттерін мерекелік көркем безендіру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады, күзгі-қысқы маусымға дайындықты жүргізеді; Академияны материалдық ресурстармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады; жиһазбен, шаруашылық инвентарлармен, инженерлік және басқару еңбегін механикаландыру құралдарымен қамтамасыз етеді; олардың сақталуын және уақтылы жөндеу жүргізілуін бақылауды қамтамасыз етеді; өз құзыреті шегінде өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, техникалық ғылымдар және технология; мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

 

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін не дәйексіз мәліметтерді ұсыну не құжаттардың оларға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі конкурстық комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Конкурс қатысушылардың дәйексіз мәліметтерді ұсынуы оларды әңгімелесуге жіберуге бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген адам шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы конкурс комиссиясының хатшысымен хабарландырылады.

Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде жасы он сегізден кем емес Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын пайдалануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.

Байқаушылар конкурс комиссиясының жұмысы туралы өз пікірін тиісті мемлекеттік органның басшылығына, сондай-ақ уәкілетті органға жазбаша нысанда бере алады.

Уәкілетті органға ақпарат беру жағдайларын немесе Қазақстан Республикасының құқық қорғау қызметі туралы заңнамасында белгіленген өзге де жағдайларды қоспағанда, конкурс аяқталғанға дейін мемлекеттік орган қызметкерлерінің конкурс комиссияларының құрамы туралы мәліметтерді жария етуіне жол берілмейді.

Уәкілетті органның немесе оның аумақтық бөлімшелерінің жолдамасы бойынша олардың қызметкерлерінің конкурстық комиссияның отырысына қатысуына жол беріледі.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Жалпы конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: www.gov.kz.

заявление каз
Скачано: 88, размер: 25.5 KB, 10.12.2021
Приложение 2 к Правилам заявление
Скачано: 76, размер: 25 KB, 10.12.2021
Приложение 3 к Правилам послужной список
Скачано: 58, размер: 44.5 KB, 10.12.2021