Ақтөбе облысының прокурорлары адам саудасына байланысты істер бойынша сотта қадағалауды жүзеге асыру және айыптауды қолдау әдістемесі бойынша екі күндік тренингтен өтті.
Тренинг Академияның осы мәселе бойынша семинарлар сериясындағы екінші іс-шарасы болды.
Оқыту барысында адам саудасының және еңбекке пайдаланудың алдын алу мен анықтаудың, қылмыс құрбандарын сәйкестендіру жүйесін жетілдірудің, адамдардың заңсыз трафигіне қатысы бар адамдарды қылмыстық қудалаудың өзекті проблемалары баяндалды.
Сондай-ақ тыңдаушыларға Академия дайындаған оқыту видеокурсы таныстырылды.
Іс-шараны Құқық қорғау органдары академиясы АҚШ-тың Нұр-Сұлтандағы Елшілігімен бірлесіп, Адам құқықтары және осы саладағы қылмыстарға қарсы іс-қимыл саласындағы бағдарламалық құжаттарды іске асыру шеңберінде ұйымдастырды.