Терроризм қатерлеріне қарсы тұрудың және терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері Құқық қорғау органдары академиясында өткен семинар-тренингтің басты тақырыбы болды.
Оқыту сессиялары радикалды көріністерге қарсы күрес әдістерін жетілдірудің, жедел-іздестіру іс-шараларын ақпараттық-талдамалық қолдауды қалыптастырудың практикалық мәселелеріне арналды.
Террористік тұрғыдан осал объектілерді қорғау жөніндегі шараларды талқылау шеңберінде тыңдаушылар объектілердегі сындарлы аймақтар мен осал жерлерді айқындау әдістерімен, сондай-ақ терроризмге қарсы қорғау жүйесінің компоненттеріне қойылатын талаптармен танысты.
Отандық сарапшылардан басқа, Германия мен Ресей Федерациясының өкілдері презентацияларымен сөз сөйледі.