Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша кезекті ұлттық симуляциялық тренинг басталды

Құқық қорғау органдары академиясында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша үшінші ұлттық симуляциялық тренинг өз жұмысын бастады.
Іс-шара ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалар офисінің, АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің және БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.
Прокуратура, полиция, Экономикалық тергеу қызметі, Ұлттық қауіпсіздік және халықаралық ұйымдардың қызметкерлері өз біліктіліктерін арттыратын болады.
Симуляциялық тренинг форматы шындыққа барынша жақын жайлар мен жағдайларды жасауды қамтиды.
Оқытудың басты міндеттерінің бірі есірткі қылмысын қаржыландыру арналары мен схемаларын анықтау бойынша ведомствоаралық жедел-тергеу топтары шеңберінде өзара іс-қимыл әдістерін пысықтау болып табылады.
Сарапшылар атап өткендей, әлемдегі қолайсыз эпидемиологиялық ахуал синтетикалық есірткі құралдарын дайындау жөніндегі, оның ішінде Қазақстанда да жергілікті жасырын зертханалардың жандануына алып келді. Сонымен қатар, есірткі қылмыстарын анықтау бойынша жұмыс жасырын ақша аударымдарына кедергісіз қол жеткізуді, әлеуметтік желілер арқылы қылмыскерлердің әрекеттерін үйлестіруді қиындатады.
Іс-шара 19 қарашаға дейін жалғасады.