Адам саудасына қарсы күрес бойынша екінші ұлттық симуляциялық тренинг

Алматыда адам саудасына қарсы күрес бойынша екінші ұлттық симуляциялық тренинг басталды.

Оқытудан прокуратура, полиция, көші-қон және әлеуметтік қызмет, еңбек инспекциясы қызметкерлері және ҮЕҰ өкілдері өтеді.

Бір апта ішінде тренингке қатысушылар құлдық туралы сигналдарға әрекет ету дағдыларын барынша шынайы жағдайларда пысықтауға, оқу сценарийі шеңберінде адам саудасының құрбандарын іздеуге және сәйкестендіруге, оларға қажетті көмек көрсетуге, жедел-тергеу іс-шараларын жүргізуге, дәлелдемелер жинауға және процестік құжаттарды дайындауға тиіс.

Тренингтің маңызды ерекшелігі барлық қатысты мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес сектор арасындағы өзара іс-қимыл схемаларын пысықтау мүмкіндігі болып табылады.

Адам саудасы проблемасы жыл сайын өткір сипат алып келеді.

Біздің еліміздің Президенті адам саудасының мемлекетіміздің іргелі құндылықтарымен үйлеспейтіндігін бірнеше рет атап өтіп, бұл тек ауыр қылмыс қана емес, сонымен бірге адамның қадір-қасиетін қорлау, демек, адамның негізгі құқықтарын бұзу екенін атап өтті.

Симуляциялық жаттығуды Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ҚР ІІМ Алматы және Қарағанды академияларымен бірге, Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисінің, Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің және БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының қолдауымен ұйымдастырды.