Құқық қорғау органдары академиясында Құқық қорғау органдары басшылығының Президенттік резервінде тұрған қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстары басталды.
Іс-шараны аша отырып, Академия ректоры Тимур Сүлейменов құқық қорғау жүйесінің кәсіби өзегін нығайту, жаңа формация басшыларын даярлау жөніндегі міндеттерді іске асыру тұрғысынан Президенттік резерв институтының маңызды рөлін атап өтті.
Курс бағдарламасы қазіргі менеджерге қажет кәсіби және басқарушылық құзыреттерді жетілдіруге бағытталған.
Олардың ішінде жедел басқарудың заманауи технологияларын қолдану, көшбасшылық және коммуникативтік қасиеттерді, басшының жеке тиімділігін, стандартты емес және дағдарыстық жағдайларды шешу дағдыларын дамыту бар.
Тренингтер мен мастер-класстарды мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, беделді ғалымдар мен практиктер өткізеді.
Оқу 2021 жылдың 5 қарашасына дейін жалғасады.