Құқық қорғау органдары академиясында Қазақстан халқының Тілдер күніне орай тілдерді білуге арналған «Тіл шебері» байқауы өтті.
Байқаудың басты мақсаты – мемлекеттің тіл саясатын қолдау, үштілділікті насихаттау, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жоғары деңгейде меңгерген білім алушыларды анықтау.
Конкурс 4 команда арасында 3 турда өтті, оның ішінде Академияның алғашқы кәсіби дайындық курсының тыңдаушылары, магистранттары мен докторанттары.
Байқаудың 1-турында қатысушылар мемлекеттік тілде сөйлеу мәдениеті мен шешендік өнерін көрсетті, 2-турда ағылшын тіліндегі театр және көркем шығармалардан үзінділер көрсетті, 3-турда орыс тіліндегі танымал фильмдерден үзінділер айтылды.
Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен «Болашақ» командасы бас жүлдені, бірінші орынды-«Үш бақытым», екінші орынды – «Masters United», үшінші орынды — «Заңгер» командалары иеленді.
Сондай – ақ қазылар алқасының шешімімен «Полиглот» Үмбет Қуаныш, «Семсер-сөздің төресі» Болат Саламат, «Тіл майталманы» Анна Баданова номинациялар бойынша үздік деп танылды.