Құқық қорғау органдары академиясы қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Іс-шараға белгілі ғалым-заңгерлер, Бас прокуратураның, жетекші заң және ведомстволық жоғары оқу орындарының, ғылыми-зерттеу институттарының, республикалық және өңірлік адвокаттар алқаларының өкілдері қатысты.
Сотқа дейінгі тергеу нысандарын оңтайландыру бойынша проблемалық мәселелер талқыланды. Оңтайландыру қажеттілігін форумның барлық қатысушылары қолдады.
Мысалы, профессор Марат Қоғамов хаттамалық нысанды Жоғарғы Соттың тиісті нормативтік қаулысын әзірлей отырып, оны хаттамалық өндіріс деп атай отырып, бұйрықтық өндіріспен біріктіруді ұсынды.
Қылмыстық теріс қылықтар институтын дамыту перспективасына қатысты оны жетілдіру қажеттілігі туралы да, құқық бұзушылықтар жүйесінде сақтаудың орынсыздығы туралы да пікірлер айтылды.
Кездесу соңында қатысушылар дөңгелек үстел тақырыбы бойынша жүргізіліп жатқан зерттеулер туралы ақпаратпен алмасып, ғылым саласында одан әрі жемісті ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.