Академияда Ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс – қимыл саласындағы есірткі және қылмыс жөніндегі БҰҰ басқармасының кеңесшісі Александр Водянмен кездесу өтті.
Жоғары оқу орнының Орталық Азиядағы басқарманың өңірлік өкілдігімен өзара іс-қимыл мәселелері, одан әрі ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, қылмыстық кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландыру саласында мамандар даярлаудың ұлттық IT-жүйесін құру жөніндегі бірлескен жоба шеңберінде Басқарма Академияға аталған жүйенің интернет-хостингіне қажетті техника мен құқықты берді.
Сондай-ақ, Тараптар Қазақстан мен Орталық Азия елдері үшін жоғарыда аталған тақырып бойынша оқыту іс-шараларын жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.