ПРЕСС-РЕЛИЗ

2021 жылдың 29 маусымында Академия Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Отырыста 2020-2021 оқу жылы бойынша Академия Оқу-әдістемелік кеңес жұмысының қорытындысы мен Ғылыми кеңесінің шешімдерін орындау туралы есептер тыңдалды.

2021-2022 оқу жылына арналған магистратура мен докторантураға түсу емтихандарының бағдарламаларын, академиялық күнтізбесін, 2021 жылғы қабылдау магистратура мен докторантурасының білім беру бағдарламалары бойынша оқу жұмыс жоспарларын бекіту туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ 2018 жылы Академияға докторанттарды қабылдау бойынша кешенді емтихандарының нәтижелері туралы Мемлекеттік аттестациялық комиссияның (МАК) есебі қарастырылды.